Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Павлодар тұрғынынан құны 22 млн теңге болатын есірткі тәркіленді

Павлодарлық тұрғын есірткі сатты деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Павлодар қаласының тұрғыны есірткі сатумен айналысты деген күдікпен полиция қызметкерлерінің қолына түсті. Облыс орталығында есірткі заттарын заңсыз таратумен айналысатын ер адам туралы ақпарат полицияға келіп түскен соң, тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Нәтижесінде бұрын сотталған 29 жастағы күдікті ұсталды. Оның жеке заттарын тексеру барысында тыйым салынған заттардың орналасқан жері туралы деректер бар ұялы телефон және мазмұны белгісіз 16 орама тәркіленді. Сонымен қатар оның автокөлігінен екі полиэтилен пакет табылды.

Сараптама қорытындысы бойынша, орамаларда жалпы құны 22 млн теңгеден астам синтетикалық есірткілер, ал полиэтилен пакеттерде салмағы 1,5 килограмнан асатын синтетикалық каннабиноидтар болғаны анықталды. Бұл – 4000 доза. Күдікті өз кінәсін мойындап, есірткі тарататын интернет-дүкенде «қаптамашы» болып жұмыс істегенін және «жеңіл табысқа» қызыққанын айтты.

Оның айтуынша, ол кураторлардан түскен тапсырмаларды орындап, есірткі заттарын арнайы қоймалардан алып, оларды жасырын орындарға тығу әдісімен таратқан. 

– Аталған факті бойынша есірткі немесе психотроптық заттарды заңсыз сатып алу, сақтау, тасымалдау және өткізу бабымен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта күдікті қамауда. Сонымен бірге аймақ аумағында есірткі жеткізу және таратуға қатысы бар басқа да тұлғаларды анықтау жұмыстары жалғасуда, – дейді Павлодар облыстық полиция департаменті. 

Құқық бұзушылар өз әрекеттері үшін міндетті түрде жауапкершілікке тартылады.

Қазір оқып жатыр

«Қасқырмен қоректеніп, қабан ұстады»: Үміттің Қазақстандағы алғашқы күндері қалай өтті?

жолбарыс

Ломтадзе Kaspi такси мен тамақ жеткізу сервисін іске қосуға неге асықпайтынын түсіндірді

Михаил Ломтадзе

59 мың сұрақ және жеті партия көшбасшысы: «Басты дебат – 2026» қалай өтті?

дебат

Қарағандыдағы полиция бекетіндегі қыз өлімі: қылмыстық іс сотқа жолданды

ұрлық