USD
USD
USD

Павлодар облысының әкімі зардап шеккен тұрғындармен кездесті

Облыс әкімі Асайын Байханов Ақтоғай ауданының Жалаулы ауылындағы зардап шеккен үйлердің иелерімен кездесті.

Павлодар
Фото: Фото: Павлодар облысының әкімдігі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша өңірде су тасқынынан зардап шеккендерге жан-жақты қолдау көрсетілуде және жедел түрде келтірілген залал өтелуде.

Бүгінгі таңда су тасқыны кезінде мүлкіне әртүрлі дәрежеде зиян келген 107 отбасыға бюджеттен тыс демеушілік қаражат есебінен жалпы сомасы 96,7 млн теңге көлемінде өтемақы берілді. Соның ішінде өтемақыны бүгін су тасқыны кезінде үйлері қатты зардап шеккен Жалаулы ауылының 9 тұрғыны алды.

Әкім
Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сондай-ақ, Асайын Байханов пен ауыл ақсақалдары тәуелсіз комиссияның шешімі бойынша қалпына келтіруге келмейтін авариялық жағдайдағы үйлердің орнына салынатын 5 жаңа үйдің құрылысына бастау берді. Шығындарды ERG тобы өз мойнына алды. Үйлердің құрылысын 3 айдың ішінде аяқтау жоспарлануда.

Әкім
Фото: Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Сонымен қатар, зардап шеккен облыс тұрғындарына 100 АЕК мөлшерінде біржолғы мемлекеттік әлеуметтік төлем төленетін болады.

Осымен ауылда су тасқынына қарсы іс-шаралар аяқталмайды. Шілде айының соңына дейін ауылда 6 км қорғаныс бөгеті салынып, ойпаң жерде орналасқан ауылдың мәселесін кешенді түрде шешу үшін көлемі 200 мың м3 болатын еріген суларды жинауға арналған 3 қазаншұңқыр жасалады.

 

Қазір оқып жатыр

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Трамп ұлдары

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Азамат Капенов

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр

Қайсар Хамза

Байқоңырдан «Союз-5/Сұңқар» зымыран-тасығышы алғаш рет ұшырылды

.