24 Қараша 12:14
...

Павлодар облысының әкімі мысығын педикюрге апаратынын айтты

Павлодар облысының әкімі
Фото: instagram: asaiyn.baikhan

Павлодар облысының әкімі Асайын Байханның Threads желісіндегі жазбалары көпшіліктің назарын аударды. 

Астана, NEGE. Әкім парақшасында жұмысқа қатысты ресми ақпарат емес, жеке өміріндегі қызық сәттері мен өз ойларын бөлісіп отырады. Ол парақшасын қараша айында ашқан, қазір 11 мыңнан астам оқырман жинаған.

«Threads платформасын да, TikTok-ты да қызметтік емес, жеке аккаунт ретінде қолдануды жоспарлап отырмын. Иә, мен де бәріңіз сияқты жұмыстан тыс қарапайым өмір сүретін, өз ойы бар адаммын», – деп жазды Байхан.

Әкім парақшасында қыздарға қатысты әзіл-ойлы жазбалар да жариялайды. Мысалы, ол бұрын қыздың жүрегін жаулау үшін театр, опера немесе табиғат аясындағы серуен жеткілікті болғанын, ал қазір «мейрамхана сынағынан өту» маңызды екенін атап өткен.

«Бұрын қыздың жүрегін жаулау немесе оны қасыңда ұстап қалу үшін оны театрға, операға шақыру, не болмаса қайықпен көлде серуендету, немесе орманда қыдырту қажет еді. Қазір театрлар трендте емес, операны түсінетіндер де аз, ал орман бұрынғыдағыдай тартымды емес. Қазіргі уақытта «мейрамхана» сынағынан өту керек», – дейді әкім.

Сонымен бірге, Байхан ұлы екеуінің  «тамақты жақсы көретін қыздар» туралы айтқан әңгімесімен де бөліскен. 

Тредс
threads.com@asaiyn.baikhan

Кеше ол Mr. Henry атты мысығын таныстырып, оны ветеринарға апарып, педикюр жасату керектігін хабарлады.

әкім
threads.com/@asaiyn.baikhan

Әкім оқырмандарының пікірлеріне жиі жауап беріп отырады, сондықтан оның әлеуметтік желідегі танымалдығы артып келеді.