USD
USD
USD

Павлодар облысының әкімі мал шаруашылығы иелеріне арнайы үндеу жасады

Палодар облысының әкімі Асайын Байханов ауа райының қолайсыздығына байланысты мал шаруашылығы иелеріне арнайы хабарлама жасады.

Асайын Байханов
Фото: Видеодан

Алматы, NEGE. Хабарландыру облыс әкімінің әлеуметтік желідегі парақшаларында жарияланды. 

«Баршамызға мәлім, ауа райының қолайсыздығына байланысты малдың жайылымға шығуы қиындады. Осы аптаның басында біз «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» арқылы жемдік астықты тауарлық несие ретінде арнайы өңірлік бағдарламасын іске қостық. Бұл несие 2024 жылдың 1 қарашасына дейін бастапқы төлемсіз, кепілдіксіз және пайызсыз беріледі. Бүгінгі таңда 190 шаруашылық қана 2300 астыққа өтінім түсірді. Бұл біз күткеннен аз болды. Маңызды ақпарат баршаңызға жетпеуі мүмкін. Сондықтан аталмыш мемлекеттік қолдау шараларына тағы да Сіздердің назарларыңызды аударғымыз келеді», - деді Асайын Байханов. 

Бағдарлама туралы толық ақпаратты 87770979777 нөмірі бойынша немесе Аудандық әкімдіктің ауыл шаруашылық басқармасы бөлімінен (8777 3325112) білуге болады.

Қазір оқып жатыр

Ерлан Қарин вице-президент ретінде немен айналысады

Конституция жобасын талқылау

Мұрат Баймұқашев Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратын басқарады

.

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум