Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Павлодар облысында жетім қыз тұрғын үй кезегіне алты жылға кеш қойылған

Павлодар облысында сот жетім қыздың 2008 жылғы тұрғын үй құқығын қалпына келтірді. 

тұрғын үй кезегі
Фото: magnific.com

Астана, NEGE. Жоғарғы соттың хабарлауынша, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Павлодар облысының тұрғыны 2008 жылы балалар үйіне орналастырылған. Алайда оны тек алты жылдан кейін ғана «жетімдер және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар» санаты бойынша мемлекеттік тұрғын үйге тіркеген. 2023 жылы уәкілетті орган оның басқа елдімекенге тұрақты тұруға көшуін сылтау етіп, кезек тізімінен шығарып тастаған.

Осыдан кейін қыз 2008 жылдан, яғни балалар үйіне түскен күннен бастап тұрғын үй кезегіне тіркеу құқығын қалпына келтіруді сұрап, өтініш жазған. Бірнеше рет шағымданғанына қарамастан, оны 2014 жылдан басталатын кезек тізіміне қойған.

Алайда қыз бұл шешіммен келіспей, сотқа 2008 жылдан баспана кезегіне тіркелу құқығын тану туралы арызбен жүгінген.

«Сот қорғаншылық функцияларын іске асыратын органдар мен ұйымдардың міндеттерін тиісінше орындамауына байланысты Б.-ның кезек тізіміне уақтылы енгізілмегенін анықтады. Талап қоюшының кеш тіркелгеніне оның ешқандай кінәсі жоқ. Кәмелетке толмағандықтан, ол баспана кезегіне тұру құқығын өз бетінше жүзеге асыра алмаған», – делінген сот хабарламасында.

Қыз тәрбиеленген балалар үйі қазіргі уақытта жабылған. Соттың анықтауынша, лауазымды тұлғалардың заңсыз әрекеттері талап қоюшының конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына әкеп соққан.

«Сот мемлекеттік органдардың әрекетсіздігін де, жеке лауазымды тұлғалардың әрекеттерінің заңсыздығын да анықтағандықтан, Б.-ның балалар үйіне түскен күннен бастап мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу құқығы қалпына келтірілді», – деп хабарлады сот өкілдері.

Шешім заңды күшіне енді.

Айта кетейік, жуырда жастайынан ата-ана қамқорлығынсыз қалған 27 жастағы павлодарлық Марина Харчуктың оқиғасы қызу талқыланған еді. Ол баспана кезегінде 18 жылға жуық тұрған. 6 тамызда оған екі бөлмелі пәтер бөлінетіні туралы хабарлама келген. Алайда қыз көптен күткен пәтерін ала алмаған.

Әкімдік өкілдері оның отбасы мүшелерінің табысын есептегенде, жан басына шаққандағы орташа табыс белгіленген шектен асып кеткенін алға тартқан.

Қазір оқып жатыр

Мемлекет БАҚ пен блогерлердің аккаунттарын бұғаттауға мүдделі емес – Аида Балаева

Аида Балаева

Қоғамдық орында намазхана ашуға бола ма?

Намаз оқу

Оңтүстікте өзін ҚМА қызметкері ретінде таныстырғандар емхана басшысынан 15 млн теңге талап еткен

алаяқтық

Түркияда «Сүлейменшілер» діни қозғалысының жетекшісі қамауға алынды

Алихан Күріш