USD
USD
USD

Павлодар облысында жер қатынастары бөлімінің басшысы сотталды

Ертіс ауданында прокурорлық тексеріспен ауданы 3 мың гектардан асатын 2 жер учаскесін ірі шаруашылыққа заңсыз беру фактілері анықталды.

Сот
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Оң қорытынды алу үшін жер қатынастары бөлімі жер комиссиясының қарауына бұрмаланған деректерді ұсынған.

Атап айтқанда, елді мекендер жерлерінің санаты қосалқы және ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге ауыстырылған.

Осындай әрекеттердің нәтижесінде мемлекетке жерді жалға алу сомасын 80 млн теңгеге төмендету түрінде залал келтірілді, сондай-ақ жайылымдардың тапшылығы салдарынан жеке мал басын мәжбүрлеп төмендеткен ауыл тұрғындарының құқықтары бұзылды.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жерл мемлекетке қайтарылды және қазір жергілікті халықтың ортақ пайдалануында.

Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша облыс прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу жүргізді.

2024 жылдың 22 мамырында сот үкімімен жер қатынастары бөлімінің басшысы ҚК-тің 361-бабының 4-бөлігі 3)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

.

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

ҚТЖ

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

KEGOC

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Қасымбек, Тоқаев