USD
USD
USD

Павлодар облысында жанып кеткен мектептің орнына жаңа ғимарат салынады

Павлодар облысы Ертіс ауданы Бұланбай ауылында отқа оранып, түгі қалмай жанып кеткен мектептің орнына шағын жинақтағы мектеп салынады.

Мектеп
Фото: @samal.aitkazina

Алматы, NEGE. Бұл туралы Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина мәлімдеді. 

«Бұланбай ауылындағы негізгі мектеп өртке оранғаны бәрімізге мәлім. Сол күні оқиға орнына барып, жағдайды өз көзіммен көрген болатынмын. Ауыл тұрғындарымен, ұстаздармен және қызметкерлер ұжымымен кездесіп, мектепте білім алып жүрген оқушылардың алдағы күндері қайда оқитыны жайлы нақтылап алған едік. Облыс әкімінің орынбасары Айгүл Маликовамен оқиға орнына арнайы тағы бір мәрте іссапармен барып келдік. Айгүл Қайыртасқызы облыс әкімі Асайын Байхановтың тапсырмасымен өртеніп кеткен мектептің орнына бала санына шақтап, мектеп салынатынын жеткізді. Мектептің қайта қалпына келуі тек білім беру мекемесі ғана емес, сонымен бірге ауылдың әлеуметтік инфрақұрылымын да жаңарту бойынша маңызды қадам болмақшы», - деді басқарма басшысы.

Жаңа шағын жинақталған мектептің құрылысын бастау үшін жобалық-сметалық құжаттар дайындалып, бюджеттен қаражат бөлінеді.

Шағын-орталықта тәрбиеленіп жатқан 8 бүлдіршін де ары қарай тәлім алады.

Қазір оқып жатыр

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты

Алматы

4 жылдан кейінгі алтын: дзюдошы Әділет Алмат Азия чемпионы атанды

Әділет Алмат

Экономист: Алдағы 20 жылда пәтер бағасы түспейді

бағасы

Каспий жағалауынан жүзге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Итбалық