USD
USD
USD

Павлодар облысында тұрғын үйден өрт шығып, екі бала қайтыс болды

Өрт сөндірушілер Ертіс ауылындағы тұрғын үйлердің бірінде шыққан өрттен үш баланы құтқарған, алайда екі бала ауруханада көз жұмған.

Видеодан скриншот/Павлодар облыстық ТЖД
Фото: Видеодан скриншот/Павлодар облыстық ТЖД

Астана, NEGE. Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, бүгін сағат 08:33-те «101» қызметіне жеке тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына үш минутта жеткен.

Мамандар үйдің толығымен отқа оранғанын анықтаған. Үй заттары, жиһаз бен шатыр жанып жатқан, үйді толығымен түтін басқан.

«Күрделі жағдайға қарамастан, өрт сөндірушілер алғашқы минуттардан бастап зардап шеккендерді іздеуге кірісті. Үш кәмелетке толмаған бала құтқарылып, медицина қызметкерлеріне тапсырылды», – делінген ТЖД хабарламасында.

Тағы бір бала өрт сөндірушілер келгенге дейін сыртқа шығып үлгерген.

Өкінішке қарай, екі бала кейін ауруханада жан тапсырған.

Мамандар өрттің шығу себебін анықтап жатыр.

Қазір оқып жатыр

«Экспресс Займ» қаржы ұйымы 43 мың адамды алдаған: директордың орынбасары үйқамаққа алынды

Күдіктілер

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң