Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Павлодар облысында туған қызын зорлаған ер адам түрмеде өз көзін ойып алды

Павлодардағы тергеу изоляторында кәмелетке толмаған қызын зорлағаны үшін сот шешімін күтіп отырған ер адам өз көзін ойып алды.

абақты
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. 1971 жылы туған ер адам кәмелетке толмаған қызын бірнеше рет зорлағаны үшін кінәлі деп танылды. Павлодардың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қылмыскерге қатысты үкім шығарды. Үкімге сәйкес, ол 20 жылға бас бостандығынан айырылды. Сот қылмыскерге мерзімін орташа режимдегі колонияда өтеу жазасын тағайындады.

«Сотталушы А.-ға қатысты ҚК-нің 120-бабының 3-2-бөлігінің 3-тармағы, 121-бабының 3-2-бөлігінің 3-тармағы кәмелетке толмаған баланы зорлау және жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды», - делінген сот хабарламасында. 

Іс жабық сот отырысында қаралды. Сотталушы А., өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкінді.

Адвокат соттан қорғауындағы азаматтың сырқатына байланысты жазасын өтеу мерзімін кейінге қалдыру мүмкіндігін шешу үшін сараптама тағайындауды сұрады. Белгілі болғандай, уақытша ұстау изоляторында сотталушы өз-өзіне қол жұмсау әрекетін жасап, өзінің оң көзін ойып алған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

«Қазақстан халқына» қоры талапкерлерге 350 грант бөлді

Білім гранты

Танымал блогер Тоқаевтың сүйікті тұлпары Ақжанды алғаш рет кең далада түсірді

.

«Астана» баскетбол клубы жабыла ма? Министрлік түсініктеме берді

.

«Әділет» партиясы: Қазақстан – зайырлы мемлекет, ал «Заң және тәртіп» қағидаты баршаға міндетті

.