USD
USD
USD

Павлодар облысында шетел азаматын заңсыз жұмысқа алған тұрғынға айыппұл салынды

Павлодар облысының полицейлері заңсыз жұмыс істеген шетелдіктерді анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Полиция донер жасау орындарын тексеру барысында тиісті құжаттарсыз шетел азаматын жұмысқа тарту фактісін анықтады.

– Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін шетелдікке және жұмыс берушіге қатысты әкімшілік материалдар жиналып, 25 және 100 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Павлодар облысы ПД көші-қон қызметінің бастығы Дәулет Ысқақов.

Сондай-ақ Шідерті кентінің жанындағы «Бекет» стационарлық бекетінде полиция тағы бір шетел азаматының еліміздің көші-қон заңнамасын бұза отырып, заңсыз болу және еңбек қызметін жүзеге асыру фактісін анықтады. 

Шетелдік азамат жеке кәсіпкердің жүк көлігінде жүргізуші болып жұмыс істеген. Құқық бұзушыға қатысты әкімшілік материалдар жасалып, шешім қабылдау үшін сотқа берілді. Май ауданында қонақ визасымен келген көршілес елдің үш азаматы шығу күнін кешіктіріп, еңбек қызметін тиісті құжатсыз жүзеге асырған.

Шетелдіктерге қатысты құқық бұзушылық бойынша әкімшілік материал жиналып, 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Жұмыс беруші де жазаланып, оған 30 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Қазір оқып жатыр

Ақтөбеде дауылдан ағаштар құлап, бірнеше үйдің шатыры бүлінді

.

Қасым-Жомарт Тоқаев Саида Мирзиёеваны қабылдады

.

Қытайдағы жарыста Назым Қызайбай мен Виктория Графеева топ жарды

.

Ақтөбедегі қайғылы оқиға: АГҚС иесі уақытша ұстау изоляторына қамалды

.