USD
USD
USD

Павлодар облысында өгей әке 15 жастағы қызын зорлады деген күдікке ілінді

Аталмыш жағдайды оқушы қыздың сынып жетекшісі хабарлаған, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

жасөспірім
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Әлеуметтік желіде облыстың бір ауылында 15 жастағы қызды өгей әкесі зорлады деген ақпарат тарады. Бұл жағдайды бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева растады.

«Қыздың сынып жетекшісінің арқасында зорлау фактісі анықталды. Күдікті өгей әкесі ұсталды. Қазіргі уақытта қыз ауруханаға жатқызылды. Қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр», - деді Сәуле Шәкенева.

Облыстық полиция департаменті зорлау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

​Серікқали Брекешевке жаңа қызмет бұйырды

Серікқали Брекешев

Екібастұзда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды

.

Астанада кішкентай баланың туберкулезді қайдан жұқтырғаны анықталып жатыр

Аурухана

КҚК мұнай қабылдауды қайта бастады

КҚК шабуылы