USD
USD
USD

Павлодар облысында экс-жұбайын жарақаттаған ер адам жауапқа тартылды

Павлодар облысында экс-жұбайына дене жарақатын салған ер адам 40 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Осы жылы тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағаны үшін жауапкершілікті қатаңдату туралы Заң күшіне енді. Заң қатаңдатылған сәттен бастап Павлодар облысының аумағында 3047 адамға қатысты қорғау ұйғарымдары шығарылды, оларды бұзғаны үшін 195 құқық бұзушы жауапқа тартылды және құқық бұзушылардың тәртібіне 762 ерекше талаптар белгіленді.

– Мысалы, 29 маусымда полицияға бір әйел жүгініп, оған дене жарақатын салған бұрынғы жұбайына қатысты шара қолдануды сұрады. Дереу сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның нәтижелері жәбірленушінің денсаулығына жеңіл зиян келтірілгенін растады. Ер адамға қатысты қасақана денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактісі бойынша бұзақылық ниетпен жасалған қылмыстық іс қозғалды. 7 тамызда іс Павлодар қаласының сотында қаралды. Сот қаулысымен ер адам Павлодар қаласының пробация қызметіне профилактикалық есепке қойылып, қоғамдық жұмыстардың 40 сағатына сотталды, – деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметінің бастығы Қуаныш Мұстафинов.

Полицейлер қазір тұрмыстық зорлық-зомбылық фактісі бойынша қылмыстық теріс қылық жасау үшін жәбірленушілердің мәлімдемесі міндетті емес екенін еске салады. Материалды жасау үшін куәгерлердің, көршілердің айғақтары, бейнебақылау камералары мен бақылау камераларының жазбалары жеткілікті. Соңғы шешімді сот қабылдайды. Сонымен қатар, кінәлі осындай фактілерді қарау кезінде сотта қайта татуласу құқығынан айырылады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев: «БҰҰ Жарғысы тапсырыспен алдыратын жеңсік ас емес»

Қасым-Жомарт Тоқаев

Әдеп сақтамаған депутат жиында сөз сөйлеу құқығынан уақытша айырылады

.

«36 айлық көлемінде бонус алған»: QazaqGaz жауап бер(ме)ді

.

️Ресей Қазақстан мұнайын Германияға тасымалдауды тоқтатады: министр мән-жайды түсіндірді

Мұнай