USD
USD
USD

Павлодар облысында ауыл мектебі толық өртеніп кетті

Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар
Фото: pavlodarnews.kz

Алматы, NEGE. Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, 23 қаңтар күні сағат 09:00-де Ертіс ауданының Бұланбай ауылындағы Бұланбай негізгі жалпы білім беретін мектебінің 2010 жылы салынған жеке тұрған бір қабатты бейімделген ғимаратында өрт шықты.

– Алдын ала нұсқа бойынша өрттің себебі – екпінді желге байланысты жақын тұрған бағананың қысқа тұйықталуы. Өрт шалған аумақ 153 шаршы метрді құрады. Мектеп ғимаратын визуалды тексеру өрттің салдарынан ғимараттың толығымен өртеніп кеткенін және қалпына келтірілмейтінін көрсетті. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, – деп хабарлады басқармада.

Ертіс ауданының Бұланбай мектебінде бүгінгі күні 20 оқушы білім алады. Оқушыларды одан әрі орналастыру және оқу процесін ұйымдастыру мәселесін шешу үшін аудан әкімі мен Павлодар облысы білім беру басқармасының басшысы дереу сол жерге келді.

Сол жерде ауыл тұрғындарының жиыны өткізіліп, оқушылардың ата-аналарының өтініші бойынша Бұланбай негізгі жалпы білім беретін мектебінің оқушыларын осы ауылда орналасқан шағын орталық ғимаратына уақытша орналастыру туралы шешім қабылданды.

Қазір оқып жатыр

Мәжіліске Қытай Парламентінің басшысы келді

.

ҚТЖ топ-менеджерлеріне 1 млрд теңгеден астам сыйақы төленген: компания басшысы мән-жайды түсіндірді

ҚТЖ

Депозиттен кредиттің проценті көп. KEGOC НЕГЕ қинала бастады?

KEGOC

Тоқаев Астана әкімі Жеңіс Қасымбектің қызметін оң бағалады

Қасымбек, Тоқаев