USD
USD
USD

Павлодар облысында ата-аналар жиналысында балағат сөздер айтқан азаматқа айыппұл салынды

Павлодар облысында ата-аналар жиналысында балағат сөздер айтқан азаматқа айыппұл салынды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Ақсу қаласы мектептерінің бірінде екінші сынып оқушыларының ата-аналары WhatsApp әлеуметтік желісінің бейне қоңырауы арқылы ата-аналарға арналған мектеп жиналысын өткізгені анықталды. Әңгіме барысында ата-аналардың бірі балағат сөздер айтқан. Ата-аналардың бірі оның бұл тәртібін ұнатпай, арыз жазды.

– Ұсақ бұзақылық фактісі бойынша, яғни қоғамдық орында айналасындағыларға балағат сөздер айтып, әдепсіздік білдірген ер адамға қатысты әкімшілік материал толтырылды. Материал сотта қаралды, оның шешімімен бұзушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. Айта кетейік, жыл басынан бері осындай фактілер бойынша Ақсу өңірінің 124 тұрғыны жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы Ақсу қаласы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Айдын Жүнісов.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті