USD
USD
USD

Павлодар облысында Ан-2 ұшағы электр желісіне тиіп кетті: бір ұшқыш қаза тапты

27 мамырда Павлодар облысындағы Железинка ауылының маңында Ан-2 ұшағына қатысты авиациялық оқиға болды.

.
Фото: Gov.kz

Астана, NEGE. Көлік министрлігінің мәліметінше, UP-A0288 тіркеу нөмірлі әуе кемесін «Жеңіл және аса жеңіл авиацияны пайдаланушылар» заңды тұлғалар бірлестігі, яғни «ЭЛИСА» пайдаланған.

Ұшақ авиациялық-химиялық жұмыстарды орындап жүрген. Бортта екі адам – әуе кемесінің командирі мен екінші ұшқыш болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, Ан-2 жоғары вольтты электр желісіне тиіп кеткен.

Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері әуе кемесінің командирін ұшақтан шығарып алды. Ол аман. Ал екінші ұшқыш оқиға орнында қаза тапты.

Оқиғаның себептерін Көлік министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен инциденттерді тергеу департаменті анықтайды. Департамент қызметкерлері оқиға орнына жіберілді.

Қазір оқып жатыр

«Экспресс Займ» қаржы ұйымы 43 мың адамды алдаған: директордың орынбасары үйқамаққа алынды

Күдіктілер

Ақорданың ақпараттық блогында кадрлық ауыс-түйістер болды

Евгений Кочетов, Қанат Құлшыманов

Дзюдошы Бексұлтан Құлмырза V Азия Пара ойындарында ел қоржынына тағы бір алтын медаль салды

Бексұлтан Құлмырза

Оңтүстік Кореяда Қазақстан азаматы ұсталды: СІМ түсініктеме берді

Заң