USD
USD
USD

Павлодар облысында алғаш боп дауыс берген сайлаушыларға сыйлықтар табысталды

Павлодар облысының тұрғындары 522 сайлау учаскесінде дауыс бере алады. Оның 140-ы облыс орталығында орналасқан.

Сайлау туралы заң
Фото: gov.kz

Астана, NEGE. Pavlodarnews.kz ақпаратынша, өңірде сайлау учаскелері таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын мемлекеттік әнұранмен бастады. Сайлаушыларға есігін айқара ашқан учаскелер алғашқы сайлаушыларды қабылдады.

Сайлауда алғашқылардың бірі болып Аққулы ауданының мемлекеттік қызмет ардагері Хамиля Хасенова дауыс берді. Сонымен қатар өрт сөндіру көлігінің жүргізушісі Қайрат Карпаев, аудан педагогтері – А.Баймолдин атындағы орта мектептің тарих және география пәндерінің мұғалімі Гүлзар Ибраева мен Бесқарағай орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Зура Қапанова да көпке үлгі болып, өз таңдауларын жасады. Алғашқы дауыс бергендердің барлығына естелік сыйлықтар табысталды.

Құрылтай сайлауы
pavlodarnews.kz

Хамиля Хасенова – Аққулы ауданында мемлекеттік қызмет саласында ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына зор үлес қосқан жан.

«1983 жылдан бастап "Аққулы аудандық ауыл шаруашылығы мамандандырылған" шаруашылығында жұмысшы болып еңбек жолын бастадым. Содан бері елдің мүддесі үшін еңбек етіп келе жатқан мен үшін Құрылтай сайлауына қатысып, өз таңдауымды жасау басты міндеттерімнің бірі деп санаймын», – дейді ол.

Айта кетейік, өңірде шамамен 500 мың сайлаушы бар. Бюллетеньдер заң талаптарына сәйкес сайлаушылар санына бір пайыз қосу арқылы әзірленген.

Қазір оқып жатыр

Әскери қызметшілерге қызметтен кетерден алты ай бұрын жұмыс табуға көмектеспек

Әскерилер

Н. Төреғалиев: Ақ Жайық өңірі көрші елдердегі қандастармен тұрақты байланыс орнатып келеді

Форум

Алматы әкімдігі билбордтар орнатуға 600-ден астам жер телімін заңсыз берген

Алматы

Күшті әсер ететін заттар Wildberries арқылы арықтауға арналған дәрі ретінде сатылған

күшті әсер ететін дәрілер