USD
USD
USD

Павлодар облысында алаяқтықпен таныстарынан ақша алған тұрғын 5 жылға сотталды

Екібастұз тұрғыны туыстары мен таныстарына алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Сот шешімі
Фото: Фото: из открытых источников

Алматы, NEGE. Оның келтірген залалының сомасы 42,5 млн теңгеден асты. Тергеу қорытындысы бойынша 35 жастағы әйел ұзақ уақыт бойы туыстары мен таныстарын алдап, бағдарлама бойынша баспана алуды ұсынған. Ал кезекті жылжыту үшін 1,5 миллион теңгеден 7 млн теңгеге дейінгі мөлшерде төлем сұраған. Әйел қала әкімдігінде “таныстарым бар” деп сендірген.

– Ол қылмыстық әрекетін 2021 жылдан бастаған. Алты жәбірленушіні алдауды жалғастыра отырып, ол екі есе ақшаны қайтаруға уәде беріп, мүлдем жоқ тендерге ақша салуды ұсынды. Жәбірленушілер банктерден несиелер ресімдеп, оған ақшалай қаражатты берген, – деді Екібастұз қалалық ПБ бастығының орынбасары Валентин Бримжанов.

Сотта сотталушы өз кінәсін толық мойындады. Сот сотталушының өкінуін, алғашқы соттылығын, асырауындағы 4 баланы және жүктілікті жеңілдететін жағдайлар деп таныды. Нәтижесінде әйел орташа қауіпсіздік қылмыстық-түзеу жүйесі мекемесінде жазасын өтеуге 5 жылға сотталды.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Тоқаев–Трамп диалогы: Қазақстан үшін қандай жаңа мүмкіндіктер ашылады?

Айсұлу Рахмет

ҰҚК соңғы төрт жылда 10 террорлық әрекетті тоқтатқан

террорлық әрекет

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana