USD
USD
USD

Павлодар облысында алаяқтардың қылмыстық тобы ұсталды

Павлодар облысында азаматтардың 25 млн теңгесін жымқырған алаяқтардың қылмыстық тобы ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Polisia.kz

Алматы, NEGE. Қылмыстық топ ұзақ уақыт бойы Ақсу қаласының тұрғындарының, оның ішінде Ақсу ферроқорытпа зауытының қызметкерлерінің түрлі көмек көрсету сылтауымен сеніміне кіріп, үлкен көлемдегі қаражатты иемденген. Қылмыстық топтың құрамында Ақсудың екі тұрғыны болды.

Ұстау шараларын Павлодар облысы прокуратурасының үйлестіруімен облыстық полиция ведомствосының ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері жүргізді.

– Ұсталған азаматтар алаяқтықтың 6 фактісіне қатысы бар деген күдікті ілініп отыр. Шығын көлемі 25 млн теңгеден асады. Сондай-ақ күдіктілердің Павлодар облысының аумағында болған басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріледі. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Күдіктілер Ақсу қалалық ПБ УҰИ-ға қамауға алынды, – деді облыстық ПД ҰҚҚКБ бастығының міндетін атқарушы Диас Қадыров.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы қылмыстық-процессуалдық кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адам өзінің кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен танылғанға дейін қылмыс жасағаны үшін кінәсіз деп есептеледі.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада «TURǴYNDAR AMANATY» партиялық жобасы аясында форум өтті

.

Өнеркәсіптің өңдеу секторындағы өсімі төрт айда 9,9%-ды құрады

.

Қазақстанда бақбақтың қай түрін жұлғандарға 13 млн теңге айыппұл салынады?

бақбақ

Күзде пайызсыз ипотека беріле бастауы мүмкін

кілт