USD
USD
USD

Павлодар облысында ақша бопсалады деген күдікпен екі тұрғын ұсталды

Павлодар облысында ақша бопсалады деген күдікпен екі тұрғын құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция
Фото: Полиция

Алматы, NEGE. Павлодарда облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы іс-қимыл қызметкерлері әскери қызметшіден ақша бопсалады деген күдікпен облыс орталығының екі тұрғынын ұстады.

– Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер бірнеше ай бойы әскери қызметшіге моральдық-психологиялық қысым көрсетіп, оның ақшалай қаражатын иемденген. Белгілі болғандай, ұсталғандар бұрын бірқатар қылмыс жасады деген күдікке ілінген адамдардың ортасында жүрген. Қазіргі уақытта екі күдікті сот санкциясымен 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, сондай-ақ олардың басқа қылмыстық эпизодтарға қатыстылығы тексерілуде, – дейді Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Болат Нұрсеитов.

Полиция азаматтарды бейжай қалмауға және кез келген бопсалау немесе заңсыз әрекет фактілері туралы хабарлауға шақырады. Барлық өтініш қатаң құпия түрде қаралады.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті