Референдум Референдум
USD
USD
USD

Павлодар облысында 6 жасар баланың үстіне футбол қақпасы құлады

Павлодар облысының Жертұмсық ауылында 6 жасар баланың үстіне қолдан жасалған футбол қақпасы құлап, жарақат алды.

қақпа
Фото: Павлодар облыстық полиция депатаменті

Алматы, NEGE. Полиция мәліметінше, ауыл тұрғындары өз күшімен орнатқан темір құбырдан жасалған қақпа тиісті түрде бекітілмеген. Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін бұл алаң мен құрылғылар ешбір мемлекеттік балансқа тіркелмеген.

«Қауіпсіздік талаптарының сақталмауына байланысты аудан әкімінің атына тиісті нұсқама жолданды. Онда қауіпсіз әрі талапқа сай футбол алаңын ұйымдастыру қажеттігі көрсетілді», – делінген облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Зардап шеккен бала жабық бас сүйек-ми жарақатын алып, миы шайқалған және жақ сүйегінен жарақат алған. Қазір ол Павлодар облыстық балалар ауруханасының травматология бөлімінде ем қабылдап жатыр.

Полиция бала жарақат алған уақытта ата-анасының тарапынан тиісті бақылау болмағанын айтып, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартқан.

«Кәмелетке толмаған баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін оның заңды өкілдеріне айыппұл салынды», – делінген ведомство хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы қағаз зауытына 49,9 млн теңге айыппұл салынды

 Республикалық ТКШ Альянсы

Польшада қазақстандық әйел қаза тапты

 Екатерина Шилова

Трамп Ресей мұнайына салынған санкцияларды уақытша алып тастады

Ресей мұнайы тиелген танкер

Әскерде тағы бір сарбаз мерт болды

Әскери адам, сарбаз