USD
USD
USD

Павлодар облысында 13-15 жастағы ағасы мен қарындасын зорлағандар ұсталды

Павлодар облысындағы Майқайың кентінде 13 және 15 жастағы қарындасы мен ағасы зорланды.

Қылмыстық іс
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Кәмелетке томағандарға жыныстық зорлық жасады деген күдікпен екі ер адам ұсталып, уақытша қамалған.

«Баянауыл ауданында кәмелет жасына толмаған жасөспірімдерді зорлау оқиғасы тіркелді. Майқайыңда тұратын бірі 13, екіншісі 15 жастағы қарындасы мен ағасына қатысты педофилдік әрекет жасалған. Жыныстық зорлық-зомбылық жасау дерегі бойынша екі ер адам ұсталып, уақытша қамалды. Зардап шегушілерге барлық көмек, соның ішінде психологтар көмегі көрсетіліп жатыр», - деп хабарлады өңірлік балалар омбудсмені Сәуле Шәкенова.

Облыстық білім беру басқармасы да аталған деректі растады.

Павлодар облысының прокуратурасы Баянауыл ауданында балаларға зорлық-зомбылық көрсету деректерінің артып отырғанын мәлімдеді.

«21 қарашада кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстардың өсуіне байланысты Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары Ержан Дюсекеновтың төрағалығымен Майқайын кентінде көшпелі жедел кеңес өткізілді. Оған облыс әкімінің орынбасары, полиция департаменті басшысының орынбасары, Баянауыл ауданы полиция бөлімінің жеке құрамы, білім беру және денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, сондай-ақ аудан колледждері мен мектептерінің директорлары қатысты. Кездесу қорытындысы бойынша уәкілетті органдардың жұмысындағы жүйелі кемшіліктер анықталып, жекелеген қызметкерлерге қатысты қызметтік тексерулер басталды. Криминогендік ахуалды жақсарту мақсатында полиция қызметкерлеріне, білім беру мекемелерінің қызметкерлеріне нақты міндеттер қойылды. Оларды орындауға бүгіннен бастап кірісті», - делінген прокуратураның хабарламасында. 

Қазір оқып жатыр

Бектенов шетелдік рұқсат бланкілерін беруді цифрландыру жұмысын жалғастыруды тапсырды

Олжас Бектенов

Бағдаршамнан 133 км/сағ жылдамдықпен өткен: Астанада Porsche жүргізушісі қамалды

Бағдаршам

Құлыбаевтың біз біле бермейтін бизнесі. «Кар Сити» НЕГЕ миллиард әкелді?

карсити

Атырауда полиция басшылары қызметінен шеттетілді

Бақтыбек Бақтығалиұлы Исаев