USD
USD
USD

Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексерілді: не анықталды?

Көлік жүргізушілері жаппай шағымданғаннан кейін Павлодар мұнай-химия зауытындағы бензин сапасы тексеріліп, АИ-95 және АИ-98 маркалы бензиннің Кеден одағының техникалық регламенті талаптарына сәйкес келетіні расталды.

бензин сапасы
Фото: pixabay.com

Астана, NEGE. Бұл жөнінде компанияның баспасөз қызметі хабарлады. Арбитраждық сынамалар тәуелсіз SGS Kazakhstan зертханасында тексерілген. 

«2026 жылғы 25 тамызда Павлодар мұнай-химия зауытында өндірілген автомобиль бензиндерінің арбитраждық сынамалары 115 елде жұмыс істейтін тәуелсіз SGS Kazakhstan зертханасында тексерілді. Зертхана Швейцарияның Женева қаласында бас кеңсесі орналасқан SGS компаниясының еншілес кәсіпорны болып саналады», – делінген хабарламада.

Тексеру нәтижесінде арбитраждық сынамалар мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес келетіні расталған.

«Осылайша, Павлодар мұнай-химия зауытында өндірілген АИ-95 және АИ-98 маркалы бензин Кеден одағының ТР ТС 013/2011 техникалық регламенті мен ГОСТ 32513-2013 талаптарына сәйкес келеді. Зауыттан жөнелтілген бензин партиялары өнімнің сапасын растады», – деп хабарлады компания өкілдері.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда көлік жүргізушілері АИ-95 және АИ-98 бензинін құйғаннан кейін көліктерінде ақау пайда болғанын айтып, бензин сапасына шағымданған болатын. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов осы шағымға байланысты Павлодар мұнай өңдеу зауытында тексеру жұмыстары басталғанын, министрлік мәселені бақылауда ұстап отырғанын мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті бар сағат 600 мың теңгеге сатылып жатыр

Болат Назарбаевтың портреті түсірілген сағат

Еуропалық алаяқтықпен күрес бюросы Қазақстаннан жеткізілетін өнімдерді тексеріп жатыр

өнімдер

Құрылтай депутаты Айсұлу Сүлейменова Азия рекордын жаңартты

Айсұлу Сүлейменова

Халықаралық арбитраж Қазақстанның Қашаған бойынша 12 млрд долларлық талабын қабылдамады

Қашаған