Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеу жұмыстарынан өтеді
Павлодар мұнай-химия зауытында 17 маусымнан бастап бір ай бойы жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлады "ҚазМұнайГаз" АҚ баспасөз қызметі.
Алматы, NEGE. Ұлттық компанияның басқарма төрағасы Асхат Хасенов зауыттың технологиялық кешендерімен танысып, өндірістік мәселелер бойынша жиналыс өткізді.
2024 жылдың 5 айында ПМХЗ шамамен 2,5 млн тонна шикізатты қайта өңдеп, шамамен 730 мың тонна бензин, 807 мың тонна дизель өндірді. Битум бойынша өндіріс көлемі 130 мың тоннаны, мазут бойынша — 217 мың тоннаны, сұйытылған газ бойынша — 147 мың тоннаны, авиаотын бойынша — 113 мың тоннаны құрады. Зауыт көптеген көрсеткіш бойынша жоспарды асыра орындаған.
Хасеновтың пікірінше ПМХЗ-ның тұрақты қызметі ішкі нарықты әлеуметтік маңызды мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады.
Қауіпсіздік техникасы талаптарының барлық нормаларын сақтай отырып, 2024 жылғы жоспарлы алдын алу жұмыстарын бекітілген мерзімде сапалы жүргізу қажет, — деп атап өтті Асхат Хасенов.
Ол жөндеуді мерзімінен бұрын аяқтау мүмкіндігін қарастыруды тапсырды.
Еліміздегі мол жанар-жағар май қорының қалыптасуына байланысты өңірлерді мұнай өнімдерімен қамтамасыз етуге әсер етпейді, - деп жазылған хабарламада.
Қазір оқып жатыр
Даниал Ахметов әкім кезінде салынған ГЭС оның ұлына 1,8 млрд теңге әкелді
Атырау мұнай өңдеу зауыты ауаны ластағаны үшін 520 млн теңге айыппұл төледі
Қостанайда масаң күйдегі бірнеше адам полиция қызметкерін тепкіге жықты
«Қолымыз байлаулы»: Саясат Нұрбек Qamalladin University жайлы сұраққа жауап берді