USD
USD
USD

Павлодар қаласында ЖЭО аумағында өрт шықты

ТЖМ Павлодар қаласындағы №3 ЖЭО аумағында шыққан өрт сөндіріліп жатқанын хабарлады.

Оқиға орны
Фото: ТЖМ

Астана, NEGE. Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру градирняның ағаш торламасы ашық жалынмен жанып жатқанын анықтаған. Оқиға орнында жедел түрде өрт сөндіру штабы құрылды.

«Өрт сөндірушілердің жедел әрекетінің арқасында өрт оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ», – делінген ТЖМ хабарламасында.

Ведомство ақпаратынша, градирня жоспарлы жөндеу жұмыстарында болған. Сондай-ақ оқиға өндірістік процеске әсер етпені, кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұрғаны айтылды.

Қазіргі уақытта өртті толық сөндіру жұмыстары жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Сот Жамбыл облысының экс-әкімі Кәрім Көкірекбаевты жазадан босату туралы қаулының күшін жойды

Кәрім Көкірекбаев

Қостанай облысында ер адамға қасқыр тап берді

Қасқыр

Қазақстанда жаңа Азаматтық кодекс әзірленіп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев, Айбек Дәдебай

Қазақстан астығын экспорттаумен шектелмеуі керек: депутат агросектордағы басты мәселені атады

Ауыл шаруашылығы