Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Павел Казанцев: Біздің елде тілге қатысты мәселе жоқ

Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Павел Казанцев елдегі этносаралық келісім, тіл мәселесіне қатысты

Павел Казанцев: Біздің елде тілге қатысты мәселе жоқ
Фото: NEGE.kz

пікір білдірді. Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

Нұр-Сұлтан, NEGE. «Соңғы кездері әлдекімдер ушықтыра бастаған этносаралық келісім, тіл мәселелері туралы ойыммен бөліскім келеді.

Біздің елде бұл мәселе бойынша проблемалар жоқ. Әртүрлі ұлт өкілдері әрқашан бір-бірімен бейбіт өмір сүрді, өзара түсіністікте ешқашан проблема болған емес. Қазақ тілі үлкен рөлге ие болуда. Түрлі ұлт өкілдері үшін бұл өмірдің ажырамас бөлігі. Қазіргі кезде Қазақстанда тұрып жатқан өзге этнос өкілдерінің қазақ тілінде еркін сөйлеуі таң қалдырмайды. Мұның бәрі эволюциялық жолмен, мәжбүрлеусіз жүріп жатыр», – деп жазды ол.

Депутат Қазақстандағы этносаралық жағдайға алаңдап отырғандарға ілеуде біреу кездесетін оқиғалар жағдайды тұтастай сипаттамайтынын айтты.

«Біз бір-бірімізбен бейбіт өмір сүрдік, алдағы уақытта да солай жалғаса бермек», – деді ол.

Қазір оқып жатыр

Абай облысындағы дала өртін сөндіруге тікұшақ тартылды

дала өрті

Алдағы күндері Алматының бірнеше шағынауданында жарық болмайды

жарық сөнеді

БҚО-да жаңа оқу жылына дейін 8 мектеп пайдалануға беріледі

мектеп БҚО

Бір «Барни» үшін күйеуімен жанжалдасқан: Жамбылда жас ана көз жұмды

Тұрмыстық зорлық-зомбылық