Референдум Референдум
USD
USD
USD

«Паутина» операциясының салдары туралы сарапшылар не айтты

1 маусым 2025 жылы Украина арнайы қызметтері жүзеге асырған «Паутина» операциясы Ресей әскери авиациясына аса ірі залал келтірді. Бұл туралы NBC News-ке сілтеме жасап шетелдік ақпарат құралдары хабарлады.

Украина
Фото: СБУ

АЛМАТЫ, NEGE. Операция барысында Украина жүздеген дрон арқылы Ресейдің стратегиялық маңызы бар төрт әскери аэродромына соққы жасаған. Бұл нысандар майдан шебінен 4 000 шақырымға дейінгі қашықтықта орналасқан. Сарапшылардың пікірінше, бұл — Ресей аумағындағы ең терең және ауқымды дрон шабуылы болды.

Украина тарапының мәліметінше, соққы нәтижесінде Ту-95 және Ту-22 секілді 41 әскери ұшақ жойылып немесе қатты зақымданған. Бұл — Ресейдің стратегиялық авиациялық паркі көлемінің шамамен 34%-ын құрайды. Зиянның жалпы сомасы 7 миллиард доллардан асады. Ұшақтардың жартысы қалпына келтірілмейтін жағдайда.

Planet Labs және Maxar компаниялары ұсынған спутниктік түсірілімдер Украина мәліметтерін ішінара растады. НАТО сарапшылары кемінде 10-13 ұшақтың толық жойылғанын, тағы 40-қа дейінгісінің зақымданғанын айтады.

Белая (Иркутск обл.), Оленья (Крайний Солтүстік), Дягилево және Иваново аэродромдарындағы түсірілімдер стратегиялық бомбардировщиктердің жойылғанын дәлелдейді. А-50 ұшақтарының зақымдануы туралы да хабарланды, бірақ әзірге бейнежазбалармен расталмаған.

Әскери сарапшылардың айтуынша, бұл операция тактикалық емес, стратегиялық сипаттағы соққы болды.

«Ресей мұндай ұшақтарды енді өндірмейді. Әрбір бомбардировщиктің жойылуы – ядролық тежеу потенциалына тікелей қауіп. Бұл – қайтымсыз соққы», – дейді радиоэлектрондық күрес сарапшысы Томас Уиттингтон.

«Паутина» — СБУ мен Украина Қорғаныс министрлігінің 18 айлық дайындық нәтижесінде іске асқан ең ірі операцияларының бірі. Шабуыл 1 маусымда жүзеге асырылды, соққыға ұшыраған нысандар: Белая, Дягилево, Оленья және Иваново әскери аэродромдары.

Украина президенті Владимир Зеленский бұл операцияны «тарихқа енетін жарқын жетістік» деп бағалады.

Қазір оқып жатыр

Астанада LRT жолақысы қанша теңге болуы мүмкін?

LRT

Шелдон Купердің рөлінде ойнаған америкалық актер қазақша ән салып берді

Иэн Армитидж

Қарашығанақ операторы 2 млрд теңге экологиялық айыппұл төледі

Қарашығанақ кен орны

«Көктемді жолға салып жіберіңіздер»: елші қызылордалықтарға әзілмен өтініш айтты

Михал Лабенда