USD
USD
USD

Пауэрлифтингшілер әлем чемпионатынан 11 жүлде жеңіп алды

21-31 қазан аралығында Литваның Вильнюс қаласында пауэрлифтингтен Әлем чемпионаты өтті.

Пауэрлифтингшілер әлем чемпионатынан 11 жүлде жеңіп алды
Фото: NEGE.kz

Шымкент, NEGE. Бұл сайыста Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің спортшылары «Жатып сығымдап көтеру» жаттығуы бойынша 11 жүлде жеңіп алды: 6 – алтын, 2 – күміс және 3 – қола.

Атап айтқанда, әйелдер арасында Ксения Хан (76 келі) 2 алтын, Алевтина Николаева (84 келі) 1 алтын, Азиза Абдураимова (84 келі) 1 қола жүлдеге ие болды.

Ерлер арасындағы бәсекеде Айдар Қошқаров 1 күміс және 1 қола, жасөспірімдер арасында Руслан Кәрімбеков (53 келі) 2 алтын, Жавлан Шаукатов (93 келі) 1 алтын, Тохиржон Абдурахманов (105 келі) 1 күміс және Қуанышбай Төлегенов (74 келі) 1 қола жүлдеге иелік етті.

Пауэрлифтинг бойынша түрлі халықаралық жарыстарда Қазақстан спортшыларының жеңісті дәстүрі бар. Оның ішінде, Шымкент қаласының кешенді жоғары спорт шеберлігі мектебінің шәкірттері жоғары жетістіктерге қол жеткізуде.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек