USD
USD
USD

Патох Шодиевтің қызы шетел азаматы бола тұра, Қазақстанның дипломатиялық төлқұжатын алған

Бұл туралы «Выход к морю» Telegram каналы мемлекеттік дерекқорлардан алынған мәліметтерге сілтеме жасап хабарлады. Аталған деректерге сәйкес, Муниса Шодиева 2003 жылдың қаңтар айында Қазақстанның дипломатиялық төлқұжатын иеленген, ал он жылдан кейін ол құжат жаңартылған.

Муниса Шодиева
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Дипломатиялық төлқұжат алған сәтте Шодиевада Бельгия және Ресей азаматтығы болған. Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынған. Сол себепті, заңнамаға тікелей қайшы.

«Сыртқы істер министрлігі Муниса Шодиеваның құжатын рәсімдеген кезде Бельгия мен Ресей азаматтығы бар екенін біле тұра, көз жұма қараған. Бұл жағдайға Нұрсұлтан Назарбаевтың әкімшілігінің қатысы бар сияқты, өйткені «еуразиялық үштік» пен сол кездегі билік арасында бұрыннан сенімді қарым-қатынас орнаған еді», — деп жазады авторлар.

Муниса Шодиеваның дипломатиялық төлқұжат алуға ресми негіздері болмаған. Атап айтқанда, ол мемлекеттік қызмет атқармаған, әрі Қазақстанда тұрмаған. Уақытының көп бөлігін Лондон мен Мәскеуде өткізген.

Қазір оқып жатыр

Қаза тапқан полицейлердің әйелдеріне төлемді қайта есептейді: ІІМ қателігін мойындады

ІІМ

Шымкентте полицей отырған қызметтік көліктен есірткі табылды

Полиция көлігі

Санжар Боқаевтың ісі: видеограф кінәсін мойындап, куәлік етуге дайын екенін айтты

кісі өлімі

Маңғыстауда алаяқтық дерегі бойынша танымал блогер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды

Салтанат Аманқосова