USD
USD
USD

Пәтер кілті табысталды: Паралимпиада триумфаторы Ербол Хамитов елге оралды

17 наурызда елорда әуежайында пара биатлоннан қысқы Паралимпиада чемпионы әрі пара шаңғы жарысынан қола жүлдегер Ербол Хамитовты жанкүйерлері мен туыстары салтанатты түрде қарсы алды.

Ербол Хамитов
Фото: Туризм және спорт министрлігі

Астана, NEGE. Ербол Хамитов пен ұлттық құрама спортшыларын туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов құттықтады.

«Бүгін еліміз үшін қуанышты күн. Тарихымызда алғаш рет Паралимпиада ойындарында пара биатлоннан алтын медаль жеңіп алдық. Ерболдың Паралимпиадада екі бірдей медаль еншілеуі – ерен еңбек пен тыңғылықты дайындықтың, мықты рухтың көрінісі», – деді министр. 

Өз кезегінде спортшы жанкүйерлеріне алғысын білдіріп, арман-мақсатқа адал болу керектігін атап өтті. Ол бұл жетістіктің алдағы уақытта бұдан да үлкен нәтижелерге жетуге мотивация беретінін айтты.

Шара барысында құрылыс компаниясы Ербол Хамитовқа екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Айта кетейік, Милан–Кортина қысқы Паралимпиадасында ұлттық құрама 7 спортшы спорттың 2 түріне қатысып, жалпыкомандалық есепте 18-орын иеленді.

Қазір оқып жатыр

СҚО-да қаңырап бос тұрған тубдиспансерді 1 млрд теңгеге сатпақ

.

Наурыз мерекесі қарсаңында жүзден астам қосымша әуе рейстері ашылады

Ұшақ

Талғар мектептерінде буллинг 18%-ға төмендеді

мектеп

Рахат Тұрлыханов қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін

Рахат Тұрлыханов