USD
USD
USD

Пәтерді жалға алып, қымбат теледидарды ұрлап кеткен адам ұсталды

Қызылордада пәтерді жалға алған адам онда тұрған қымбат теледидарды ұрлап кетті.

Пәтерді жалға алып, қымбат теледидарды ұрлап кеткен адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қызылорда қалалық полиция басқармасына қала тұрғынынан арыз түсті. Онда 60 жастағы әйел өзінің арызында жалға берген пәтерінде қымбат теледидар ұрланғанын айтқан.

Оған күдікті ретінде пәтерде уақытша тұрып жатқан адам көрсетілген.

«Пәтер иесі үйін тексеруге келгенде пәтерден қымбат теледидар қолды болғанын көрген. Бұл жөнінде әйел полицияға дереу хабарласқан. Күдікті пәтер иесіне 250 мың теңге шығын келтірген. Күдікті көп ұзамай ұсталды. Қазір 28 жастағы қызылордалық тұрғынға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1 - бөлігімен (ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Соңғы уақытта осы тектес деректер жиілеп кетті. Сондықтан жалға беру шарттарын міндетті түрде заңдастыруға кеңес береміз», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаменті.

Сондай-ақ, Қызылордада жеңгетайлықпен айналысқан 2 әйел қолға түсті.

Қазір оқып жатыр

NEGE-нің атын жамылған жалған Telegram-арна пайда болды: редакцияның ресми мәлімдемесі

Nege

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті