USD
USD
USD

Пәтерде марихуанна өсірген азамат ұсталды

Петропавл тұрғыны көп қабатты үйдің пәтерінде марихуана өсіріп, ұсталды. Бұл биылдыққа есірткі өсіруге қатысты анықталып отырған төртінші дерек7

Пәтерде марихуанна өсірген азамат ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Солтүстік Қазақстан облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөліністерінің полицейлері заңсыз есірткі айналымына қатысты қылмыстардың алдын алумен және анықтаумен айналысады. Жақында жедел қызметкерлер Петропавлдың 29 жастағы тұрғынын ұстады.

Ер адам өз пәтерінде марихуана өсіріп келген. Тәртіп сақшылары оның баспанасынан салмағы 1 кг болатын өсімдіктің бір түбін тапты, сондай-ақ марихуананы өсіріп-баптауға арналған жабдықтарды тәркіледі.

Қылмыстық іс сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне «Құрамында есірткі заттары бар, өсіруге тыйым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру» бойынша енгізілді.

«Күдіктінің айтуынша, марихуананы ол өзі қолдану үшін өсіріп келген. Жалпы жыл басынан өңірде есірткіге қатысты 173 құқық бұзушылық тіркелді. Оның 40-ы сатуға, 15-і аса ірі көлемде сақтауға, 4-уі – құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіруге қатысты. Заңсыз айналымнан 409 кг есірткі алынды. Соның ішінде 4 кг 190 гр - гашиш, 4 кг 299 гр – синтетикалық есірткі», - дейді СҚО ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы Иван Терзиди.

Қазір оқып жатыр

Қызылордада бір күнде 600 отбасы баспаналы болды

.

Президент іске қосылған LRT желісінің алғашқы жолаушысы болды

.

Балқаш жағалауында салынатын АЭС құрылысының барысы пысықталды

.

«Жалақы төмен, талап көп»: Астанадағы Maxi Шай қызметкерлері шағымданды

.