USD
USD
USD

Пәтерде марихуана өсірген

Алматыда ерлі-зайыптылар пәтерде марихуана өсірген, деп хабарлады ҚР ішкі істер министрлігінің (ІІМ) Polisia.kz. ресми интернет-ресурсы.

Пәтерде марихуана өсірген
Фото: NEGE.kz


Алматы, NEGE. «Күдікті ерлі-зайыпты қаланың төменгі бөлігінде орналасқан “Алтай” ықшамауданында тұрады және үй өсімдіктерімен қатар үйінде қарасораның есірткі түрін өсірген», - делінген жұмадағы хабарда.
Үй иесінің айтуынша, ол жеке тұтыну үшін марихуананы өсірген, бірақ сараптама оның денесінде есірткіге сәйкес заттардың барын көрсеткен жоқ.
«Бірақ онымен бірге тұратын әйелден анықталды. Ол 1968 жылы туған Б.есімді тұрғын. Басында кез-келген есірткі затын тұтынбағанын айтқан болатын. Есірткі қолданғаны үшін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сонымен қатар, С. есімді ер адам үй иесі болғандықтан ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (өсіруге тыйым салынған, құрамында есірткі заттары бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды», - делінген хабарда.
Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің басшысы Ерлан Аянбаевтың айтуынша, күдіктілердің үйінен тек құмырада өсетін сегіз қарасора табылды
«Барлық заттай айғақтар тәркіленіп, тиісті сараптамаға тапсырылды. Ұсталғандардың ешқайсысында тұрақты жұмыс жоқ. Әйел бұрын аса ауыр қылмысы үшін сотталған. Қазіргі уақытта қылмыстық заңнаманы бұзудың барлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді полиция бөлімінің бастығы.

Қазір оқып жатыр

Алматыда бес адам қаза тапқан өртке қатысты күдікті әйел ұсталды

Полиция

«Сағиды» өлтірді деген күдікке кім ілінген?

Витта Махмаханов

Павел Дуров iPhone иелеріне хакерлік шабуыл қаупі туралы ескертті

Павел Дуров

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың дипломатиясы Қазақстанның технологиялық мүмкіндіктерін кеңейтеді – сарапшы

.