USD
USD
USD

Пәтер жалдамақ болған студенттерді алдаған алаяқ ұсталды

Ақтөбелік алаяқ пәтер жалдамақ болған студенттерді алдады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Пәтер жалдамақ болған студенттерді алдаған алаяқ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 4 қыркүйек күні қалалық полиция бөліміне Ақтөбенің жоғары оқу орындарының бірінің студенті арызданды. Оның айтуынша, хабарландыру арқылы бейтаныс әйелмен хабарласып, пәтер жалдауға келіскен. Ол 100 мың теңге көлемінде алдын ала төлем жасаған, бірақ ақшаны алғаннан кейін пәтерді жалға беруші байланысқа шықпаған.

Осыған ұқсас арыздармен қала полициясына тағы бірнеше адам жүгінді. Пәтерді жалға беремін деген сылтаумен әйел сайттарға хабарландырулар орналастырып, өзінің абоненттік нөмірлерін көрсеткен. Содан кейін өтініш берушілерді алдау және олардың сенімін асыра пайдалану арқылы олардың ақшасын заңсыз иемденген. Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтады.

Ол Ақтөбенің 34 жастағы тұрғыны болып шықты. Осы фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Қазір оқып жатыр

Volkswagen ондаған мың жұмыс орнын қысқартып, 2030 жылға дейін жалақыны өсірмеуді жоспарлаған

 Volkswagen

Тоқаев әскери әзірлік сапасын арттырып, бюджет қаражатын ұтымды пайдалануды талап етті

Тоқаев, Омарбеков, Савельева

«Санитарлар зорлық-зомбылық көрсеткен»: Аягөзде ерекше балаларды қорлаудың жүзден астам фактісі анықталды

Тәрбиеленуші мен санитар

Жыл басынан бері 8,8 мың адам құтқарылған: ТЖМ жұмысының нәтижелері жарияланды

Тжм