USD
USD
USD

Пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды

Алматыда пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды. Тәртіп сақшылары Медеу ауданында кезекті қылмыс жасап, ізін суытқалы жатқан кезде үш адамның жолын кесті.

Пәтер тонаумен айналысқан қылмыстық топ ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қылмыстық топты қолға түсіру үшін арнайы операцияны қаланың криминалдық полициясы арнайы күштердің көмегімен жүргізді. «Ұрылар пәтерден 43 мың доллар мен алтын бұйымдарды қолды еткен. Бұл заттай дәлелдемелер күдіктілерді ұстаған кезде табылып, тәркіленді. Жедел-іздестіру және тексеру барысында қылмыстық топтың пәтер тонау бойынша үш фактіге қатысы бар екеі анықталды.

Топ үш адамнан тұрады: 1992 жылы туған Н, 1990 жылғы О. және 1991 жылғы Ф. есімді азаматтар. Күдіктілердің біреуі бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін жауапқа тартылған», – дейді Алматы ПД бастығының орынбасары Берік Әбілбеков. Спикердің айтуынша, пәтер ұрылары негізінен үйлерді күндіз тонайды. Осы әдісті олар да қолданған. Үйде біреудің бар-жоғын білу оларға қиынға соқпайды. Күзет дабылы жоқ баспаналарды нысанаға алады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев пара беруге уәде еткендерді де қылмыстық жауапқа тартуды көздейтін заңға қол қойды

Заң

Маңғыстау облысында жұмыссыздар саны артып барады: сарапшылар не дейді?

Маңғыстау облысы

AMANAT «Әділет» партиясына қосылады

.

Данияр Мейірханға қатысты қылмыстық қудалау тоқтатылды – адвокат

Данияр Мейірхан