USD
USD
USD

Пәтер бағасы бірден 9 пайызға арзандады

Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау және Шымкенттегі бірқатар тұрғын үй кешендеріне баға 2021 жылдың 17 тамызынан бастап төмендетіледі.

Пәтер бағасы бірден 9 пайызға арзандады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұған дейін хабарлағанымыздай, BI Group Алматы қаласында бастапқы тұрғын үй бағасын 4%-ға дейін төмендетуге дайын екенін мәлімдеді. Қазақстанның Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төмендетілетін бағаның негізділігіне талдау жүргізе отырып мұндай мәлімдемемен келіспеді.

Нәтижесінде, монополияға қарсы органның хабарламасын орындау аясында BI Group 2021 жылдың 17 тамызынан бастап Нұр-Сұлтан қаласындағы 51 тұрғын үй кешеніндегі бастапқы тұрғын үйдің бағасын орта есеппен 8% - ға (4 ТК - стандарт класс, 25 – комфорт, 19 - бизнес, 3 – премиум-класс), Алматыда 24 тұрғын үй кешенінде 11 %-ға (1 ТК – стандарт-класс, 12 - комфорт, 8 - бизнес, 3 – премиум-класс), Атырауда 2 тұрғын үй кешенінде 4%-ға (2 ТК - комфорт-класс) Шымкентте 1 тұрғын үй кешенінде 3% - ға (1 ТК - бизнес-класс) төмендетеді.

Барлық тұрғын үй кешендері бойынша бағаның төмендеу пайызы орта есеппен 9%-ды құрайды, төмендеу диапазоны – бір шаршы метріне 10 000-нан 125 000 теңгеге дейін.

Мысалы, елордадағы тұрғын үй кешендерінің біріндегі ауданы 85 шаршы метр болатын 3 бөлмелі пәтердің бұрынғы бағасы 34,3 млн теңге болса, баға төмендетілгеннен кейін 31,7 млн теңгеге түсті. Бағалары төмендетілген тұрғын үй кешендерінің тізімі қоса беріледі.

Бұған дейін хабарланғанымыздай, Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бастапқы тұрғын үй нарығындағы бәсекелестіктің жай-күйіне талдау жүргізді, талдау жүргізу барысында бірқатар компанияның тұрғын үй бағаларын белгілеу және ұстап тұруға қатысты келісілген іс-қимыл белгілері анықталды. Олардың қатарында «BAZIS – A», «BI Group» холдингтері, «РАМС-Қазақстан» компаниясы бар. Қазіргі уақытта BAZIS-A және РАМС-Қазақстан Алматыдағы бірқатар тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлердің бағасын төмендетті.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанға Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған келді

Тоқаев, Ердоған

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына Пентагоннан тағы 400 млн доллар сұрады

Трамп ұлдарымен

Қазақстанда құрбан шалу рәсімін қашықтан өткізуге арналған сайт іске қосылды

.

15 мамырда Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтеді

депуттар