USD
USD
USD

«Пәтер алып беремін» деген жігіт 38 млн теңгеге алдап кеткен

  Шымкентте екі бөлмелі пәтер алып беремін деп тұрғынды 38 млн теңгеге алдап кеткен жігіт ұсталды.

«Пәтер алып беремін» деген жігіт 38 млн теңгеге алдап кеткен
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Айтуынша, бұрын-соңды таныс емес азамат жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлерден екі бөлмелі пәтер алуға көмектесемін деп сендіріп, 38,3 млн теңгесін алған. Алайда азамат арадағы уәдені орындамай, телефонға жауап бермей «ізін суытқан».

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кірісті. Еңбекші АПБ криминалды полиция бөлімі қызметкерлері атқарған жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, 24 жастағы жергілікті тұрғын ұсталып, басқармаға жеткізілді. Таңда ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Қазір оқып жатыр

«Бағаны түсіруге мәжбүр болады»: қазір пәтер алған тиімді ме?

.

БҚО-да оқушы баланы 10 мың вольттық ток соғып, қаза болды

Ток соқты

Қазақстан Қырғызстанға мұнай транзитін бастады

мұнай

Qarmet-тің жаңа нысандары нақты келбетке ие бола бастады

Qarmet