USD
USD
USD

Пәтер алған тұрғындар кімге пара берген?

Түркістан қаласында пара беріп, пәтер алған тұрғындардан баспананы босату талап етілді. Бұл туралы қала әкімдігі жария етті.

Пәтер алған тұрғындар кімге пара берген?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қала әкімдігінің мәліметінше, пара беру дерегі 2017 жылдың желтоқасан айында орын алған. Қаланың үш тұрғыны Отырар мөлтек ауданында жаңадан бой көтерген үйлерден пәтер алу үшін өз кезегін ілгерілету үшін үй инспекциясы қызметкеріне пара берген.

Алайда кейіннен бұл қылмыс ішкере болып, пара алған қызметкердің үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Оның іс-әрекеті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 3-бөлігінің 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, бүгінде пара берген тұрғындарға да шара қолданылып отыр.

«Заңсыз іс-әрекет арқылы жылжымайтын мүлікке қол жеткізген азаматтарға апта басында сот орындаушылары барып, пәтерді босату жөнінде міндеттеме алды. Тұрғындар бекітілген 10 күн аралығында пәтерді босатпаған жағдайда қосымша шара қолданылып, жауапқа тартылатыны жөнінде тілхат табысталған» делінген әкімдіктің хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

«Мен оларды танымаймын»: Петропавлдық блогер аза тұту күнінде билегені үшін қамауға алынды

Петропавл тұрғыны

Ресей Қазақстанға 1 млн рубльден артық қолма-қол ақша шығаруға тыйым салды

Рубль

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

Робот көмегімен ота жасау сәті

ENRC Ұлыбританияның қаржылық алаяқтыққа қарсы органымен бітімге келді

ENRC