USD
USD
USD

«Пәтер»: 21 ұрлық ашылды

Шымкент қаласы аумағында мамыр айының 19 мен 21 күндері аралығында «Пәтер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.

«Пәтер»: 21 ұрлық ашылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Аталған іс-шараның мақсаты – пәтерлер мен үй иеліктерінен ұрлыққа байланысты қылмыстардың алдын алу, жолын кесу және ашу болып табылады. Шара кезінде полицейлер халық арасында өз мүліктерін сақтау туралы түсінік жұмыстарын жүргізді.

Екікүндік шара барысында барлығы 21 пәтер ұрлығы ашылды. Нақтырақ айтатын болсақ, Абай АПБ бойынша 4 қылмыс, Әл-Фараби АПБ бойынша 6, Еңбекші АПБ бойынша 6, Қаратау АПБ бойынша 5 қылмыс деректері ашылды.

Көптеген қылмыстарды жасауға ықпал ететін факторлар жәбірленушілердің өз мүлкіне жауапсыз қарауы, сондай-ақ олардың шектен тыс сенушілігі болып табылады. Сондықтан да, Шымкент қаласының полиция қызметкерлері азаматтарды қырағы болуға және өз мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету шараларын жасауға шақырады.

Қазір оқып жатыр

Қытайға тартылған мұнай құбырларындағы артық мұнай есептелмей, 3 млрд теңгеге жуық салық кем түскен

Мұнай құбыры

Қазақстанда электромобильдерге арналған жасыл түсті мемлекеттік нөмірлер бекітілді

Электромобиль

Сегіз ай күттірген жаңа пойыз: Stadler вагондары алғашқы рейсіне шықты

Stadler

«Министрдің жолы жіңішке» деген Саясат Нұрбек отставкаға кетуге дайын ба?

Саясат Нұрбек