USD
USD
USD

Пашинян оппозицияны «Арменияға ҰҚШҰ бітімгерлерін кіргізгізі келеді» деп айыптады

Армения премьер-министрі Никол Пашинян оппозиция елге ҰҚШҰ бітімгерлерін кіргізуге тырысып жатқанын, алайда билік бұған жол бермейтінін мәлімдеді.

Никол Пашинян
Фото: primeminister.am

Астана, NEGE. Бұл жөнінде Пашинян парламентте сөйлеген сөзінде айтты.

«Оппозицияның нақты бір миссиясы бар – ҰҚШҰ бітімгерлерінің Арменияға кіруіне қол жеткізу. Сіздердің көңілдеріңізді қалдырайын: ҰҚШҰ бітімгерлері Арменияға кірмейді», – деді премьер-министр.

Пашинянның сөзінше, билік шетелдік күштердің ел аумағында орналасуына мүлдем жол бермейді. Оның айтуынша, бұған қажеттілік жоқ, өйткені Армения мен Әзербайжан арасында бейбітшілік орнаған.

«Бітімгер дегеніміз – халық. Оған Армения мен Әзербайжан халқы да жатады. Олар – ең сенімді бітімгерлер. Ал ешбір шетелдік бітімгер Армения Республикасының аумағына кірмейді», – деді Пашинян.

Пашинян бұл ұстанымын өзінің «Төртінші республика» тұжырымдамасымен байланыстырды. Оның айтуынша, Армения басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан кепілдік сұрамай, өз тіршілігін өзі қамтамасыз етуі керек.

«Төртінші республика өмір сүруге, дамуға және тіршілік етуге деген құқығын күнделікті еңбегі арқылы қамтамасыз етеді», — деді Пашинян.

Айта кетейік, Пашинянның мәлімдемесі Ереванда Арменияның екінші президенті, оппозицияның негізгі өкілдерінің бірі Роберт Кочарян ұсталған күні жасалды.

Бұрынғы президентпен бірге оның үлкен ұлы Седрак Кочарян және тағы бірнеше адам ұсталды. Ал саясаткердің кіші ұлы, депутат Левон Кочарянның үйінде тінту жүргізілді.

Жарияланған мәліметтерге сәйкес, бұрынғы президентке бірнеше айып тағылды. Олардың қатарында лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану, аса ірі көлемде пара алу және қылмыстық жолмен алынған мүлікті заңдастыру айыптары аталды.

Қазір оқып жатыр

Brent маркалы мұнай бағасы барреліне 87 долларға дейін түсті

мұнай бағасы

Тоқаев Құрылтайдың алғашқы сессиясын 28 тамызға шақырды

Халық Кеңесі

Жетісу облысындағы алғашқы жаңа форматтағы кітапхана Сарыөзекте ашылды

.

Шарджада екі қазақ қызы қаза тапты: СІМ ресми мәлімдеме жасады

.