USD
USD
USD

Пашинян Армениядағы парламенттік сайлауда өз партиясы жеңіске жеткенін мәлімдеді

Армениядағы парламенттік сайлауда «Азаматтық келісім» партиясы жеңіске жетті.

Пашинян
Фото: instagram.com/nikolpashinyan_official

Астана, NEGE. Бұл жөнінде баспасөз мәслихатында Арменияның премьер-министрі, «Азаматтық келісім» партиясы басқармасының төрағасы Никол Пашинян мәлімдеді, деп хабарлайды Armenpress.

«2026 жылғы 7 маусымда Ұлттық жиналыстың кезекті сайлауы өтті. Сайлау қорытындысы бойынша "Азаматтық келісім" партиясы жеңіске жетіп, үкіметті жеке дара жасақтайтын болады», – деді ол.

Пашинянның айтуынша, 2021 жылғы сайлаумен салыстырғанда бұл жолы партияны қолдаушылар қатары айтарлықтай өскен. 

Айта кетейік, 7 маусымда Арменияда парламент сайлауы өтті. Сайлауға 16 партия мен 2 блок қатысты.

Парламентке өту үшін жеке партиялар кемінде 4 пайыз дауыс жинауы керек. Екі немесе үш партиядан құралған блоктар үшін бұл меже – 8 пайыз, ал төрт және одан да көп саяси күштен тұратын кең коалициялар үшін 10 пайыз болып бекітілген.

Бұған дейін негізгі бәсеке премьер-министр Никол Пашинян басқаратын «Азаматтық келісім» партиясы, кәсіпкер Самвел Карапетянмен байланысты «Күшті Армения» блогы және бұрынғы президент Роберт Кочарянның «Армения» блогы арасында өтеді деп болжанған еді.

Сайлаудың ресми нәтижелері әлі белгісіз, дауыстарды санау жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты