USD
USD
USD

Партияның медицина саласындағы жоспарлы жұмыстары таныстырылды

Nur

Партияның медицина саласындағы жоспарлы жұмыстары таныстырылды
Фото: NEGE.kz

" Otan" партиясы Бейнеу аудандық филиалы аудандық аурухана қызметкерлерімен онлайн кездесу ұйымдастырды.

«ZOOM» платформасындағы өткен шараға аудандық мәслихат депутатына үміткер Эльмира Баяхметованың сенімді өкілі Салима Нұрмағанбетова тікелей эфирге шықты.

Эфир барысында Бейнеу ауданын дамытудың сайлауалды бағдарламасын айтып, медицина саласындағы жоспарлы жұмыстарды ауқымды түрде түсіндіріп өтті. «Nur Otan» партиясы үшін азаматтардың денсаулығын сақтау басты міндеттердің бірі болып табылатындығы айтты.

Әлемдік пандемия медицинаға аса назар аудару қажеттігін аңғартты. Партия осы орайда халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында медицинаның ең жоғары стандарттарға сәйкес болуын және дәрігерлердің денсаулық сақтау саласындағы үздік практикаларға бірдей қол жеткізуін қамтамасыз етуді жақтайды. Ол үшін «Nur Otan» партиясы: Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде халықты тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі бойынша дәрілік препараттармен одан әрі қамтамасыз етуге, медицинада кадр мәселесін шешу, дәрігерлерді шақырту, халықты скринингтік зерттеулермен қамтуды жыл сайын ұлғайту, жас мамандарды ауылдық елдімекендерге тарту, денсаулық сақтау жүйесінің кадрларын тұрғын үймен, әлеуметтік пакетпен қамтамасыз етуге ықпал етеді. Сонымен қатар партия бағдарлама аясында Бейнеу ауылы «Атамекен» шағынауданынан емхана құрылысын салу, денсаулық сақтау мекемелеріндегі автопаркін 10 автокөлікке жаңарту мәселесін маңызға алып отыр. Бұл қабылданған шаралар аудан халқының өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жақсы жаңалықпен танысқан сала мамандары «Nur Otan» партиясын қолдайтындықтарын жеткізіп, бағдарламада жақсы іс-шаралар қамтылғанын атап өтті. Онлайн кездесу сұрақ-жауапқа алмасты.

«Nur Otan» партиясының Маңғыстау облыстық филиалы сайлау қорының қаражатынан төленді.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі

Александр Лукашенко қазақтар мен белорустарды «қан байланыстырған жақын халықтар» деп атады

Олжас Бектенов, Александр Лукашенко