22 Сәуір 15:48
...

Партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін квота енгізілмек

Фото:
ҚР-да партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін квота енгізілмек, деп мәлімдеді ҚР әділет министрі Марат Бекетаев.


Алматы, NEGE. «Заң жобасымен партиялық сайлау тізімдерінде әйелдер мен жастар үшін 30 пайыз квотаны қарастыру ұсынылады. Осы мақсатта, Сайлау туралы Конституциялық заңда әйелдер мен жастарға арналған квоталарды партиялық тізімге енгізу туралы талап қойылатын болады», - деді Бекетаев сәрсенбі күні парламент мәжілісінің пленарлық отырысында «ҚР-дағы сайлау туралы» Конституциялық заңға толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық заң жобасын талқылау кезінде
Оның айтуынша, бүгінгі таңда әлемдегі көптеген мемлекет әйелдер мен жастардың сайлау процесіне тең қолжетімділігіне кепілдік беру үшін қажетті шараларды қабылдап жатыр.
«Партиялық гендерлік квоталар еуропа елдерінде қолданылады және Германия, Норвегия, Франция мен Бельгия сияқты елдерде кең тараған және сайлау туралы заң деңгейінде бекітілген. Соған байланысты халықаралық тәжірибе аясында ұсынылған жаңа нормалар әйелдердің елдегі қоғамдық-саяси процестерге белсенді араласуына мүмкіндік береді. Сонымен қатар осыған қатысты заңнамадағы түзетулер саясатқа қоғамдық-әлеуметтік проблемаларды шешуге қабілетті жастарды белсенді түрде тартуға мүмкіндік береді», - деді әділет министрлігінің басшысы.
Заң жобасы мақұлданды және ҚР парламенті сенатына қарауға жолданды.
Еске салсақ, 2019 жылдың 20 желтоқсанында Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партиялық сайлау тізімдерінің 30%-ын әйелдер мен жастардан құрауды тапсырған еді.

Тегтер: