USD
USD
USD

Парламенттің қазіргі шақырылымы таратылмайды

Парламент палаталарын құрудың референдум арқылы мақұлданған жаңа ережесі сегізінші шақырылымның Мәжіліс депуттаттарын сайлаудан бастап қолданылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Парламенттің қазіргі шақырылымы таратылмайды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бұл туралы ҚР Әділет вице-министрі Алма Мұқанова орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде айтты.

«ҚР Парламент палаталарын құрудың жаңа тәртібін айқындайтын нормалар сегізінші шақырылымның Мәжіліс депуттаттарын сайлаудан бастап қолданылады», - деді министрдің орынбасары.

Сондай-ақ, ол жетінші шақырылым депутттары әзірге таратылмайтынын түсіндірді.

«БАҚ өкілдері қазір бізге «Конституциялық реформалардан кейін жетінші шақырылым таратыла ма ?» деген сияқты сұрақтар қойып жатыр. Қазір жетінші шақырылым жұмыс істеп жатыр. Олар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығының аяғына дейін өз қызметін жалғастырады. Қазір жетінші шақырылымды тарату туралы мәселе қойылып отырған жоқ», - деді Алма Мұқанова.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанның кей өңірінде сифилис инфекциясының таралуы көбейген

Дәрігер

«Центр плова Loft» ісі бойынша сот Ақмола облысы әкіміне жеке қаулы шығарды

блогер соты

Қарағандыда оқ жарақатын алған ер адам мен әйелдің мәйіті табылды

Полиция

Баян Алагөзова алғаш рет Forbes Kazakhstan жариялаған ең ықпалды әйелдер тізіміне енді

Баян Алагөзова