USD
USD
USD

Парламенттік оппозиция туралы заңға қол қойылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы заңға қол қойды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Парламенттік оппозиция туралы заңға қол қойылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  «Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Парламентінің комитеттері мен комиссиялары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады», делінген хабарламада. Еске сала кетсек, 28 мамырда Сенаттың жалпы отырысында «ҚР Парламентiнiң комитеттерi мен комиссиялары туралы» заңына парламенттік оппозиция мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы» Заңы қабылданған еді. Заң жобасы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтыр 20 желтоқсанда Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында парламенттік оппозиция институтын заңнамалық бекіту туралы тапсырмасын орындау мақсатында дайындалды.

Қазір оқып жатыр

Саят Исанов Арнайы операциялар күштерінің қолбасшысы болып тағайындалды

Арнайы күштер

Маңғыстауда қаза тапқан сарбаздардың отбасыларына жиналған қаржы таратылды

Маңғыстау

ExxonMobil Қашағандағы 2,3 трлн теңгелік айыппұл дауын реттеу келісімін қолдамады

Қашаған

Астанада мүгедектігі бар адамдарға 86 мың теңгеге дейін біржолғы көмек беріледі

әлеуметтік төлем