USD
USD
USD

Парламент үш жылға арналған бюджет туралы заң қабылдады

Республикалық бюджеттің шығыстары 2021 жылы 15,2 миллиард теңгеге және 2022 жылы 4,7 миллиард теңгеге ұлғайтылып отыр.

Парламент үш жылға арналған бюджет туралы заң қабылдады
Фото: NEGE.kz

 Нұр-Сұлтан, NEGE. Мәжіліс «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына сенат енгізген түзетулерді мақұлдады. Заң президенттің қол қоюына жіберіледі. Бұған дейін сенат «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына 39 түзету енгізіп, мәжіліске кері қайтарған еді. 

Атап айтқанда, республикалық бюджеттің шығыстары 2021 жылы 15,2 миллиард теңгеге және 2022 жылы 4,7 миллиард теңгеге ұлғайтылып отыр. Шығыстарды қайта бөлу негізінде қосымша қаржы газдандыру, баспана құрылысы, инфрақұрылымдық және өзге де жобаларға бөлінеді. 

«Сенат енгізген түзетулер 2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджеттің негізгі параметрлерін өзгертпейді. Жоғарыда айтылғандарды ескеріп, қаржы және бюджет комитеті заң жобасын парламент сенаты енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісуді ұсынады», – деді қаржы және бюджет комитетінің хатшысы Татьяна Яковлева.  Осылайша парламент үш жылға арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдады. Құжат президентке жолданады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы