USD
USD
USD

Парламент сайлауы басталды

Бүгін Әзербайжанда парламент сайлауы басталды. 

Парламент сайлауы басталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Айта кетейік, Милли Меджлисте 125 орынға тіркелген 1314 үміткер бақ сынайтын болады. Барлығы 2431 адам қатысуда. Бір депутаттық мандатқа 10-11 үміткер таласып отыр. Сайлауға қатысушылардың арасындағы үміткерлердің 21%-ы – әйелдер. 5573 сайлау учаскесінің 1000-ына бақылау камералары орнатылды. 58 ел мен 59 ұйым атынан 883 халықаралық бақылаушы аккредитациядан өтті. Жергілікті бақылаушылар саны – 77 мың адамнан астам.

Дауыс беруге 5 387 600 сайлау бюллетені басылып шығарылды. Еске салайық, 28 қарашада «Ени Әзербайжан» билік етуші партиясынан сайланған депутаттар Милли Меджлиске Парламентті таратып, кезектен тыс Парламент сайлауын өткізу туралы үндеу жолдаған болатын. 5 желтоқсан күні Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев «Әзербайжан Республикасының Милли Меджлисінің V шақырылымын тарату және Әзербайжан Республикасының кезектен тыс Милли Меджлис сайлауының өткізу жөніндегі» өкіміне қол қойды.

Қазір оқып жатыр

Келер жылдан бастап МӘМС мәртебесі жоқ азаматтар да базалық медициналық көмек ала алады

Дәрігер мен пациент

Шымкентте айналымы 3,1 млрд теңге болған онлайн-казиноларды ұйымдастырғандар сотталды

Күдіктілер

Үш жылдан кейін алғаш рет Қазақстанның сырттан түсетін кірісі шығынынан асты

экономика

«Соңғы нәтиже сын көтермейді»: Скотт Манн ұлттық құраманың ойынына қатысты үн қатты

Скотт Манн мен Джон ван ’т Схип/kff.kz