USD
USD
USD

Парламент мәжілісінің депутаты Митталдың меншігіндегі кен орындарын қайтарып алуды сұрады

Парламент мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи ФБ парақшасында жазба жариялап, Үкімет басшысы Әлихан Сымайловтан Митталға тиесілі кен орындарын қайтарып алуды сұрады.

Парламент мәжілісінің депутаты Митталдың меншігіндегі кен орындарын қайтарып алуды сұрады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Қазақстан металлургиясының флагманы аталған «Қарметкомбинатты» Митталдың меншігінен кері қайтарып алу мәселесі осыдан бірер ай бұрын – кезекті адамдар өліміне әкелген апаттан кейін қозғалған еді. Міне, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісінде біраз депутат көтерген осы талапқа Үкімет атүсті қарап, «АМТ»-ны кімге береміз деп, ырғалып-жырғалып жүргенде кезекті апат болды!», – деп жазды ол.

Сондай-ақ депутат қаза тапқандардың саны 40-қа жетуі мүмкін екенін меңзеді.

«Әлихан Смайылов мырза, техника қауіпсіздігін қаперсіз қалдырып, Қарағанды кеншілерінің баудай қырылуына жол берген, жеке есебіне түсер миллиардтар қуып кеткен Митталдан «Карметті» қайтарып алуға не кедергі? Сіз әлі күнге дейін «ескі Қазақстан» жаққа елеңдеуді қойып, Қазақстан халқына қарай қашан бас бұрасыз?

«Аманат» партиясының Парламенттегі фракциясы (Елнұр Бейсенбаев мырза), сайлауда жеңіп шыққан партия ретінде 8-шақырылымның алғашқы сессиясында «аманаттықтар» ұсынған премьер-министрден «Карметтің»  меншік иесін жедел өзгерту процессін бастауды талап етуді сұраймын!», – деді Ермұрат Бапи.  

Айта кетейік, 28 қазанда Қарағанды облысында  Арселор Митталдың меншігіне қарасты Костенко атындағы көмір шахтасындағы өрттен 11 адам қаза болды. Бұл туралы облыс әкімі Ермағанбет Бөлекбаев Фейсбук парақшасында хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Қасым-Жомарт Тоқаев

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Назарбаева

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

Медет Жээналиев

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Алматы жастары