USD
USD
USD

Парижді жайлаған қандала Лондонға да жетті

Парижді кандала қаптап кеткен. 

Парижді жайлаған қандала Лондонға да жетті
Фото: NEGE.kz

Алиаты, NEGE. Гарри Робертсонның үйінде қаптап кеткен қандаламен күресіп жүргеніне біраз уақыт болды. Бір жылдан астам уақыт бойы ол жақын достары мен туыстарынан оқшауланып, төсегіне жатуға да қорқып жүрді. ҚазАқпарат бұл туралы Еuronews агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды. 

«Лондонда біреумен бірге пәтер жалдасаңыз, бөлмеңіз бастапқыда сіз үшін тыныштық аралына, ал кейін баруға қорқатын үрейлі мекенге айналады. Өйткені үйге қайтып, төсекке жатқанда қышына бастайсыз», — дейді ол. 

Бұл кішкентай паразиттер жұмсақ жиһаз бен оның қаптауышын меншіктеп алған.

Ол сіз ұйықтап жатқанда қаныңызбен қоректенеді, содан кейін теріңіз қышынып, қызыл із қалады. 

Химиялық өңдеу өз тиімділігін жоғалтты, себебі қандала оған төзімді болып алған.

«Химиялық заттарды қолданып көрдік, бірақ құтыла алмадық. Көшіп кеттік, төсек-орынның көп бөлігін өртеп, біраз киімімді лақтырып жібердім», — дейді Робертсон. 

Осы арада Париж жұрты қандаланың көбейіп кетуіне алаңдаушылық білдіріп отыр. Сарапшылардың шамалауынша, жәндіктер Лондонға Eurostar арқылы таралуы әбден мүмкін. 

Eurostar тасымалдаушы компаниясының мәлімдеуінше, ол париждік қандала пойызда таралмас үшін жедел шаралар қолданып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты

Атырау облысында ірі қара мал қырылып жатыр: шаруалар дабыл қақты

Ірі қара қырылуы

Қостанайда 5 жасар баланы өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды

Бала