USD
USD
USD

Парижде өрт шықты

Парижден солтүстік-батысқа қарай орналасқан Безон коммунасындағы химия зауытында өрт шықты. Билік қоршаған ортаның ластануына алаңдаулы, деп хабарлайды France Bleu радиосы.

Парижде өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Өрт тұтанған Protec Industrie компаниясының зауыты металдарды өңдеуге маманданған. Оның кәсіпорында адамға зиян заттардың бар екенін білдіретін Seveso еуропалық жіктемесі бар.

«Топырақ пен өзендегі судың ластану қаупі бар», – деді коммуна мэрінің орынбасары Николя Барнье.

Сена өзенінің жағасында орналасқан нысан үстінен қара түтін будақтап шығып жатыр, алайда жалын шарпыған аумақ көлемі анықталмаған.

Өрт сөндірушілер тілсіз жаумен күресуде.

Барньенің айтуынша, билік кәсіпорын қызметкерлері мен жақын жердегі аудандар тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылдаған.

Әзірге оқиға салдарынан зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ.

Қазір оқып жатыр

Маңғыстаудағы әскерилер қазасынан кейін Қорғаныс министрлігінде 13 қылмыстық іс қозғалды

Қасым-Жомарт Тоқаев

Атырауда лифт құлап, үш адам ауруханаға жеткізілді

Құлаған лифт орны

ІІМ төрт адам қаза тапқан жол апатына бұрынғы полиция қызметкерінің қатысы бар деген ақпаратқа түсініктеме берді

Сая Әуелбекова

Семейде студенттің шотына 25 адамнан 16 млн теңгеден астам қаражат түскен

күдікті студенттер