Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

Париж олимпиадасында ел намысын қорғайтын теннисшілердің есімі анықталды

Қазақстан теннис федерациясы алдағы Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатысатын теннисшілер есімін жариялады, деп жазады Olympic.kz.

Olympic.kz
Фото: Olympic.kz

Алматы, NEGE. Құрамды жасақтау Олимпиада регламенті негізінде жүргізілді, оған сәйкес ойындарға қатысуға рұқсат берудің негізгі біліктілік критерийі ойыншылардың ATP және WTA әлемдік рейтингтеріндегі жеке позициялары болып табылады.

Осылайша, биыл Олимпиадалық теннис жарыстарында Қазақстанның намысын: жекелей сында - Елена Рыбакина (№4), Юлия Путинцева (№34), Александр Бублик (№23) және Александр Шевченко (№58), жұптық сында – Александр Бублик/Александр Недовесов қорғайтын болады.

Алдағы Олимпиадада Қазақстан теннис құрамасы үшін алғаш рет әлемнің 58-ші ракеткасы Александр Шевченко өнер көрсетеді. Халықаралық теннис Федерациясы (ITF) Шевченконың Қазақстанмен бұрыннан келе жатқан мәдени және отбасылық байланыстарын, сондай-ақ оның анасының Жезқазған қаласының тумасы екенін ескеріп, оған еліміздің туы астында өнер көрсетуге рұқсат берді.

Қазір оқып жатыр

Тойда уағыз айтып, басы дауға қалған ақсақалдың қызы Тоқаевқа үндеу жасады

қылмыстық іс

«Ресейден жеткізілген»: Алматыда жалған көлік нөмірлерін сатқан тұрғын ұсталды

жалған нөмірлер

ЕҮАК отырысында электрондық сауда туралы келісімге қол қойылды

Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысы

Алматыдағы «Байсат» базары аукционда 24,7 млрд теңгеге сатылды

Байсат